Тасжарғанов Сәбит Игілікұлы Тасжарғанов Сәбит Игілікұлы 2006 жылы ҚазҰУ-нің «Экономика және бизнес» факультеті, Менеджмент және бизнес кафедрасына, «Менеджмент» мамандығына конкурсқа қатысып, мемлекеттік грантқа ие болды. 2006-2010 жыл аралығында осы аталмыш мамандық бойынша білім алып, 2010 жылы оқуды аяқтады. 2007 жылы ҚазҰУ-нің әскери кафедрасына мемлекеттік грант бойынша оқуға түсіп, 2010 жылы оқуды аяқтап, запастағы Офицер бағдарламасына сәйкес «Сержант» әскери атағын алып, үздік оқығаны үшін мақтау қағазымен де марапатталған болатын. Дәл осы жылы магистратураға «Инновациялық менеджмент» мамандығына мемлекеттік грант бойынша оқуға түсіп, 2012 жылы сәтті аяқтады. 2011 жылы мамыр айының 15 мен 30-ы аралығында «ҚР БҒМ академиялық белсенділікті жоғарылату бағдарламасына» сәйкес Малайзия астанасы – Куала- Лумпур қаласы, «Sunway University» университетінде «Local and State management in sphere of business communication” атты бизнес-курсына қатысты. Бизнес-курс соңында сертификат берілді. Ал 2012 жылы 15 қаңтар – 15 наурыз аралығында «ҚР БҒМ академиялық белсенділікті жоғарылату бағдарламасына» сәйкес бір семестр көлемінде «Халықаралық маркетинг» пәні бойынша Малайзияның Сеги Университетінде (SEGi University College Sarawak, Malaysia) білім алды. Аталған пән бойынша «өте жақсы» бағамен аяқтады деген сертификатпен марапатталды. Сингапурда да болып қайтты. Осы жоғарыда аталып кеткен уақыт аралығы ішінде ол өзін тек жақсы жағынан көрсете білді. Ол оқуға деген қызығушылығы мен білім алуға құштарлығы өте жоғары, білім деңгейі жоғары, әріптестер мен студенттер арасында абыройлы, іскерлік дағдыларына ие. Бірнеше қазақстандық және шетелдік мақалалардың авторы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсенді қатысады.
Образовательное учреждение |
Квалификация |
Дата окончания |
---|---|---|
КазНУ им. аль-Фараби |
Высшее |
2010 |
0
документам
0